Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

25.10.2018, 09:11

«Ақ жайнақ» әнінің орындаушысы алаяқтық жасады деп айыпталды

Елге танымал әнші қаржылық ұйым құрып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаменті.

Бүгінгі күні Астана қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (алаяқтық) қылмыстық істі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында 2018 жылдың шілде айының бас кезеңінде «У» деген азамат («Ақжайнақ» деп елге танылған халық әнін орындаушы, елге танымал әнші) өзінің әл аухаты төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға және т.б., материалдық тұрғыдан жағдайы төмен адамдарға көмек бергісі келетіндегін айтып, «Ақжайнақ» деп аталатын қаржылық ұйым құрған.

«Бұл қаржылық ұйымда әр қатысушы шамасына қарай 20 000 теңгеден басталатын қаражат салу арқылы 5-10 күннің ішінде өз артынан 2 адам алып келген жағдайда салған 20 000 теңгесі екі еселеніп, 40 000 теңгеге өсіп отырған. Егер тағы да алып келген екі адамнан бөлек екі адам тартып отырса, сол бастапқы салған 20 000 теңгесін еш қиындықсыз алып отырған. Осылайша аталған ұйым 2018 жылдың тамыз айының бас кезеңіне дейін жалғасып, нәтижесінде бірнеше адамға материалдық шығын келтірілген» делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 17-18 шілдесіне дейін ақша салған адамдар өз ақшаларын өсіммен екі еселеп алып, кейінгі салған адамдар ақшасыз қалып отыр.

Алаяқтық дерегінің және алаяқтардың құрбаны болмау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының қаперіне телефон арқылы белгісіз тұлғалардың әртүрлі ұсынымдарына сенбеуге, адамдардың және ұйымның заңды құжаттарына көз жеткізбей, мемлекеттік ұйымдардан заңдылығын тексермей жатып, ешқандай ақша және құнды заттар ұсынбауды сұрайды.

Дереккөз: Елорда Инфо

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.