$ 445.66  474.58  4.78

Қостанайда қамауға алынған ер адам өзіне қол жұмсамақ болды

Тергеуге алынған Қостанай тұрғыны өзіне қол жұмсап, жазадан қашпақ болған жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Іс материалдарына сүйенсек, екі күдікті Набережная көшесінде 50 жастағы ер адамның үйіне кіріп, оның ноутбугын тартып алып кеткен. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Тергеуге алынған күдікті Қостанай қалалық ІІБ ғимаратында канцелярия пышағымен өзінің қолын кескілеген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сотқа дейінгі өндірісте анықталғандай, ол суицид жасау арқылы жазадан қашпақ болған», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары