$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында 10-сынып оқушысы флешмобқа дайындық кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды

Алматы облысы Іле ауданында 10-сынып оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Оқиға Іле ауданының 90 жылдығын тойлауға арналған дайындық кезінде болған. Флешмобқа 600-ден астам оқушы қатысқан.

Жасөспірім жарақат алған кезде оған ешкім алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Марқұм көп қан жоғалтып, сол жерде қайтыс болған.

Дайындық кезінде стадион жанына кезекші полиция мен жедел-жәрдем көлігі болмаған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке колледж студенті ілігіп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары