$ 446.49  475.38  4.79

Сауд Арабиясының тақ мұрагері журналист Хашоггидің өліміне қатысты пікір білдірді

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне өзінің кеңесшілерінің қатысы бар деген айыптаулардан кейін бірінші рет комментарий берді. CNN телеарнасының хабарлауынша, Эр-Риядта инвесторлар конференциясында сөйлеген Мұхаммед бин Салман журналисті өлтіруді «жантүршігерлік қылмыс» деп атады.

«Бұл Сауд Арабиясының барлық азаматы және бүкіл әлем үшін ауыр оқиға болды. Мұндай болмауы керек еді» деді тақ мұрагері. Ол Хашоггидің өліміне жауаптылардың заң алдында жауапқа тартылатынына уәде берді.

Өткен аптада Сауд Арабиясының билігі Хашоггиді корольдіктің Стамбулдағы консулдығында кеңседен қашып шықпақ болған сәтте «қылқындырып өлтіргенін» мойындаған. Хашогги 2 қазанда консулдыққа құжаттарын рәсімдеу үшін кіріп, қайта шықпаған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары