$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда тағы бір ғимарат өртеніп кетті (ФОТО)

Алматыда Төле би көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, - деп жазады Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, өрт шамамен 250 шаршы метрге жайылған. Зардап шеккендер жоқ. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Салтанат Баймұхамбетованың айтуынша, Төле би, 42 мекен жайында екі қабатты ғимараттың жануы туралы хабарлама 22.44-те келген. 

"Бірінші өрт сөндіру бригадасы 4 минуттан кейін жетті. Олар келгенде ғимараттың шатыры жанып жатқан, сонымен қатар екінші қабатқа өрт таралу қаупі пайда болды. Жедел штаб құрылды. Өрт 00.12-де ауыздықталды. Оған 30 өртсөндіруші мен 12 техника жұмылдырылды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары