$ 445.66  474.58  4.78

АҚШ-та еврейлердің мінәжат үйіне шабуыл жасалып, 11 адам өлтірілді

АҚШ-тың Питтсбург қаласында синагогаға қарулы шабуыл жасалды деп хабарлайды BBC News. Салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі хал үстінде жатыр. Шабуылдаған ер адам полицияғм өзі беріліпті.

Қарулы қақтығыс "Тіршілік ағашы" деп аталатын мінәжат үйінде болған. Шабуыл жасаған 46 жастағы Роберт Боуэрс винтовкамен және екі тапаншамен қаруланыпты. Куәгерлер оны "ауыр ақ адам" деп суреттеп отыр.

Ер адам синагогаға жергілікті уақытпен таңертең 10:00 шамасында келіп, оқ атып, еврейлерге қарсы ұрандар айта бастапты. Артынша, бөлмелердің біріне тығылып, полицияға қарсылық көрсеткен. Атыс салдарынан 4 полицей жараланыпты. Роберттің өзіне де оқ тиген. Мұнан кейін ол тәртіп сақшыларына берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары