Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

29.10.2018, 11:33

ШҚО-да полицейге пара бермекші болған ер адамның басы бәлеге қалды

Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен Аягөз ауданының тұрғыны айыппұлдан құтылмақ болып, көші-қон полициясының қызметкеріне 10 мың теңге пара беріпті деп жазады Аltaynews.kz.

Оқиға былай өрбіген екен. Ауданға қарасты ауылдардың бірінде тұратын 45 жастағы ер адам құжатын ауыстыру үшін көші-қон қызметіне келеді. Жаңа куәлік алу кезінде полиция капитаны құжатты ауыстыру мерзімінің өтіп кеткенін анықтайды. Ал қызмет алушы әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында оған 10 мың теңге пара бермек болады.

Алайда полиция қызметкері бұл ақшаны алмай, пара беру фактісі бойынша оның үстінен арыз жазған екен.

Енді пара беруші бірден екі түрлі жауапкершілікке тартылады – полиция қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліке және жеке куәлігінің мерзімін өткізіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.