Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

29.10.2018, 16:12

«Үш рет түсік тастадым»: Алматылық әйел 58 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

58 жасында тұңғышын дүниеге әкелген алматылық Оралхан Байзақова басынан өткен тағдырын «Алматы» телеарнасынан шығатын «Life студия» бағдарламасында айтып берді.

Алматылық әйелдің балалы болам деп бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.

«Үйленгеннен кейін үш рет түсік тастадым. Үш рет ЭКО-ның көмегіне жүгіндім. Еш нәтиже болмады. Үмітімді үзгенмін. Балам болмайды дедім. Өйткені күйеуім 55 жасымда қайтыс болды.

Енді ақыры балалы бола алмасам, балалар үйінен асырап алайын деп ойладым. Жетімдер үйіне барып едім, дәрігерлер маған «Сізде ештеңе жоқ. Қалай асырайсыз?» деп айтты. Балалар үйінен үмітім үзіліп шыққанда, бірден Райымбек атаның басына бардым. Сол жерде 2,5 жасар бала жүр екен. Қатты қызығып тұр едім, бір кісі шығып «Не тілеп едіңіз? Райымбек ата тілегіңізді қабыл етті» деп айтты. Осыдан кейін сол кісінің нұсқауымен біраз әулие-әмбиелерді араладым», - деген Оралхан 56 жасында ЭКО жасатуға шешім қабылдаған.

Байзақовадан ЭКО орталығындағы дәрігерлер жасын да сұрамапты. Айналасы 2-3 аптаның ішінде бірден жатырына ұрық салып берген.

«Баламның үш айлығына дейін аяғымның ауыр екеніне сенбедім. Құдайдың құдіреті ғой, 58 жасымда қызымды дүниеге алып келдім. Бұрын мінезім қатал болса, қазір бала мені өзгертті», - деді жалғыз қыздың анасы.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.