$ 448.15  483.46  4.86

Президент Республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін өзгертті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Бюджетке өзгеріс Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы деп өзгеруіне және Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына байланысты енгізіліп отыр. Шымкенттің мәртебесін өзгертуге байланысты Түркістан облысының бюджетінен Шымкент бюджетіне 15 миллиард теңге бөлу қажет болған.

Бұған дейін республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды парламент мақұлдаған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары