$ 448.89  477.93  4.76

Сары қазақ Геннадий Шиповских «Алпамыс батыр» жырын төгілтіп тұрып оқыды (ВИДЕО)

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби-танымдық шарасы аясында «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу эстафетасын әншілер бастап, үкімет басындағылар қостап жатыр. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан алған эстафетаны мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских жалғады.

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы «Алпамыс» батыр жырын оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев Дәурен Әскербекұлынан алып, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді айтып берейін», - деп сөзін жырмен жалғаған Шиповских эстафетаны Бақытбек Смағұловқа жолды.

Айта кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жоба. Бір ай бойы өткен шараның жеңімпаздары қазан айының басында марапатталды.

Ыталандыру сыйлығына Шыңғысхан Армия, Мәншүк Арыстанбек және Санат Ғизатұлы ие болды. Ал ІІІ орын мен 500 000 теңге №152 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Бекзат Шардарбекке, ІІ орын мен 1 000 000 теңге №178 лицейдің 6-сынып оқушысы Абылай Бердашевқа, І орын мен 1 500 000 теңге №180 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Абсатарға бұйырды.

Ал үш жүлдегердің де жетекшілері АҚШ-тың Оксфорд қаласына ағылшын тілін жетілдіруге жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары