$ 447.4  477.55  4.76

Мадина Садуақасованы шарапқа теңеген Ғазизхан жұрттан сөз естіп қалды

Мадина Садуақасованы шарапқа теңеген композитор әрі әнші Ғазизхан жұрттан сөз естіп қалды.

Ғазизхан Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына «Мадина, сіз шарап сияқтысыз» деп әншімен түскен суретін жүктеп қойған.

Шарап ұзақ сақталған сайын дәмі арта түседі. Соған қарағанда композитор Мадинаның күн өткен сайын сұлуланып бара жатқанын меңзеген болар. Десе де, желі қолданушыларына Ғазизханның бұл сөзі жақпай қалды.

«Біреудің əйеліне қарауға болмайды. Үйдегі жеңгелерді ойлаңыздар», «Ғазизхан, теңейтін басқа нәрсе таппадыңыз ба? Гүлге теңеңіз. Шарабы несі?», - деп жазғызды олар.

Айта кетейік, Ғазизхан бұған дейін Мейрамбек Беспаевпен ән айтып, желіні шулатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары