Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

30.10.2018, 12:49

Қазақстанда «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредит беріле бастады

Қазақстанда «Баспана Хит» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша кредит беріле бастады деп жазды Krisha.kz сайты.

«7-20-25» бағдарламасынан айырмашылығы, тұрғын үйді таңдау кезінде бұрын пайдаланылған пәтерді сатып алуға болады, баспананың бар-жоғы ескерілмейді, бірақ бұл ипотека қымбатырақ – пайыздық көрсеткіш Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты болады.

Қазіргі таңда номиналды түрдегі сыйақы 11 процентті көрсетіп отыр. Бірақ банктерге «Баспана Хит» ипотекасына комиссия белгілеуге рұқсат берілген жағдайда жылдық тиімді мөлшерлеме 11 пайыздан жоғары болатыны сөзсіз.

Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бірі қазірдің өзінде өтініш қабылдауды бастады, онда пайыздық мөлшерлеме 11,9 құрайды. Тағы бір банк кредиттеуге 1 қарашадан кіріседі.

Бағдарлама ресми табысы бар 23-60 жас аралығындағы қарыз алушыларға бағытталған. Алдын-ала төлем 20 пайыздан кем болмауы тиіс, ал мерзімі 15 жылдан аспауы керек. Мерзімінен бұрын өтеуге болады.

«7-20-25» бағдарламасы секілді тұрғын үйдің максималды құны шектеулі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау үшін лимит 25 миллион теңге, өңірлер үшін – 15 миллион.  

Еске сала кетейік, «Баспан Хит» жобасының іске қосылғаны туралы қыркүйек айында жарияланды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.