Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

30.10.2018, 14:54

Өртенген автобус ісі сотында прокурор сотталушыларға түрме жазасын сұрады

Азаттық

Қазанның 30-ы күні Ақтөбеде «автобус өрті ісі» бойынша сот отырысында жарыссөз басталды. Соттан хабарлауынша, жарыссөзде прокурор Осман Орынбасарұлы қамауда отырған жүргізушілер Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатовты «өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» және «жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» баптары бойынша айыпты деп танып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады деп жазады Азаттық.

Прокурор «Азия транзит сервис» компаниясының құрылтайшысын «заңды тұлға ретінде өз міндеттерін тиісті түрде атқармады, жарамсыз көлік құралын пайдалануға берді және құжатты қолдан жасады» деп, ал компания механигін «ақауы бар автобусты жолға шығарды» деп айыптап, әрқайсысын жеті жылға соттауды сұрады. Прокурор Осман Орынбасарұлының айтуынша, xалықаралық бағытта жолаушы тасыған автобус екі жылдан бері теxникалық байқаудан өтпеген.

Компания жетекшісі мен механигі бұған дейін кепіл төлеп, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейді.

Барат Таңатовтың анасы Гүлмира Таңатова баласын кінәсіз деп санайды. «Балам жолаушы ретінде кетіп бара жатқан. Жүргізуші ретінде сотталғалы отыр. Сот көп нәрсені ескерусіз қалдырды. Өрттен тірі қалған куәларды (Өзбекстанның екі азаматы - ред.) сотқа шақырмады. Оқиғаны көзімен көрген солар» дейді.

Биыл қаңтардың 18-і күні таңертең Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент-Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​

Ақтөбеде өтіп жатқан сотқа жәбірленушілердің кейбірі Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан видео арқылы қосылып жүр. 3 қазандағы отырыста Сарыағаштан Өзбекстанның Наманган облысынан келген жәбірленушілер - Абдулложон Хатамов пен Мирзабдулла Мадраxимов байланысқа шыққан. Олар өздерімен бірге 22 жәбірленушінің қолы қойылған өтініш xатты ала келген. Хатта жәбірленушілер соттан айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды, марқұмдардың әрқайсысы үшін 150 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді өтінген.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.