$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент тұрғынының 60 мың теңгелік телефонын тартып алған күдіктілер ұсталды

Жетісай АІІБ қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын тонаған екі күдікті азаматты ұстады. Атап айтсақ, мас халде екі тонаушы жас жігітке бас салып, 60 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт СДТБТ-не «тонау» жайты бойынша тіркелді деп жазады Оtyrar.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында Жетісай АІІБ қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды анықтап, олардан ұялы телефон тәркілеп алды.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына қоғамдық орындар мен көшелерде өз мүліктеріне ерекше сақ болуын сұрайды. Ұялы телефон, ақша мен бағалы заттарды сөмкенің немесе киімнің ішкі қалталарына салып, көпшілік назарына түсетін жерлерге қоймауын ескертеді.

Егер де, сіз тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары