$ 443.85  474.3  4.8

Павлодар облысында ірімшік өндіретін цехта өрт шықты

Павлодар облысының Успен ауданында ірімшік өндіретін цех шатырынан өрт шықты деп жазады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Өрт салдарынан 500 шаршы метр аумақты от шарпыған.

«Сағат 12:45-те өртке қарсы қызмет пультіне Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылындағы цехтің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. «РЭГ тайм» шаруа қожалығына ең жақын өрт сөндіру бөлімі 35 шақырым жерде орналасқан және алғашқы өрт сөндірушілер сағат 13:50-де жетті. Олар ірімшік өндіретін цехтің шатырынан өрт шыққанын анықтады», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сағат 14:12-де тілсіз жау ауыздықталды. Оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы және ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 30 қызметкері мен 7 техникасы атсалысқан.

«Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себептері анықталып жатыр», - делінген ресми хабарда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары