Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


02.11.2018, 09:36

«Барахолка» қоймасындағы өрт миллион теңгенің тауарын жалмаған

Алматының «Барахолка» маңындағы болған алапат өрт миллион теңгенің тауарын жалмауы мүмкін. Кәсіпкердің бірі өртенген қоймада құны 70 млн теңге болатын ыдыстарды сақтағанын ашына айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Төтенше жағдай түсте орын алған. Түтіннің шыққанын алдымен жүк тасушылар байқаған екен. Жұмысшылар өртті өздері сөндіруге әрекет етіп көрген. Алайда нәтиже болмаған соң, өрт сөндірушілерді шақырған.

Куәгерлердің өзі өрттің неден басталғанын білмей дал болып отыр. Бірақ, қызыл жалын бірден қойма ішін жалмап үлгерген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткенімен қызыл жалынды 21 өрт сөндіретін көлік тек кешкі 18:00-ге таман өшіре алған.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Адамдар өрт сөндірушілер келгенше, қоймалардан шығып үлгерген.

Қазіргі уақытта шығын саны есептеліп жатыр. Оның есебінен кім қайтарды ол жағы да әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше «Барахолка» базарындағы қоймалардың бірінен өрт шыққаны жайлы хабарлаған еді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.