$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда бір топ әскери қызметкер бас бостандығынан айрылды

«Шетел азаматтарының Қазақстан территориясынан заңсыз кесіп өтуіне жағдай жасағаны үшін» бір топ әскери қызметкерге айыппұл салынып, бас бостандығынан айыру жазасы кесілді деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

«2 қарашада Костанай әскери сотында 21 адамның соты болды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлімінен 13 әскери қызметкер, екі көші-қон қызметінің өкілі және алты адам» деп жазды жергілікті агенттіктер. Айыпталушылар арасында Өзбекстан азаматтары да бар екені айтылады.

Іс құжаттары бойынша, 13 әскери қызметкер 2016 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың маусым айы аралығында Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қырғызстан азаматтарының Ресейге заңсыз қоныс аударуына жағдай жасап, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуіне көмектескен. Бұдан бөлек, олардың «бірқатар қылмыс жасағаны» айтылады. Барлығы 44 эпизод.

Айыпталушыларға қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлік түрлерін заңдастыру», ұйымдасқан қылмыстық топ құру», «қызметтік өкілетін асыра пайдалану», «пара беру», «заңсыз көші-қон ұйымдастыру», «ҚР мемлекеттік шекарасын күзету ережелерін бұзу» және т.б баптар бойынша айыптар тағылған.

Сот 21 адамның екеуін төрт және бес жылға соттаған. Бұлар: Бекжан Анарқұлов және Кәрімжан Тұрсынов. Ал қалған азаматтарға ірі көлемде айыппұл салған және әскери дәрежелерінен айырған. Айыпталушылардың кейбіріне мемлекеттік органдарда өмір бойы қызмет істеуге тыйым салған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары