$ 449.58  486.94  4.86

Теміртауда белгісіз біреулер цех директорның көлігін өртеп кетті

Белгісіз біреулер Теміртаудағы «АрселорМиттал» компаниясы цехы директорының автокөлігін өртеп кетті деп жазады Liter.kz.

Өрт Теміртаудағы Дружба көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Сол уақытта көліктің дабыл жүйесінен дыбыс шыққан. Алайда, көлік иесі оны естімей қалады.

Шығын құны – 8 миллион теңгені құрады. Ірі компания цехы директорының көлігін әлдебіреулер қасақана өртеді ме, бұл тексерілетін болады.

«Қазіргі уақытта бұл қылмыс сотқа дейінгі тергеу амалдарына берілді. Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары