$ 448.89  477.93  4.76

Италия театры «Абай» операсын әлемнің 40 еліне көрсетпек

8 қарашада «Астана Опера» ұжымы іссапар аясында италиялық көрерменнің назарына ұлттық жаухарларымыздың бірегейі – А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын көрермен назарына ұсынбақ деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спектакль қарсаңында қазақстандық солистердің, маэстро Алан Бөрібаев пен генуялық театр дирекциясының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді. Гастрольдік бағдарлама 10 қарашада Л. Бетховеннің № 9 симфониясымен жалғаспақ.

«Асқақ өнерді бағалаушылармен қайта қауышқанымызға әрі Италиядағы ең әдемі театрлардың бірі – генуялық театр сахнасында өнер көрсететінімізге қуаныштымыз. 2015 жылдан бастап біздің ұжым осынау итальяндық сахнада опера және балет спектакльдерін ұсынуда, сондықтан көрерменнің көзайымына айналып үлгердік, олар бізбен жаңа кездесулерді асыға күтеді, біз үшін бұл қуанышты жағдай», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров.

Опера солистері, Симфониялық оркестр музыканттары, хор, балет және миманс әртістері, гримдеушілер, жарықтандырушылар, реквизиторлар мен сахна машинистері бүгін Италияның ауқымы бойынша алтыншы орын алатын Генуя қаласына аттанды. «Карло Феличе» театры 1827 жылы салынған, оның сахнасында әлемнің ең танымал дирижерлері мен әйгілі оркестрлері, беделді балет труппалары, атақты орындаушылар өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары