$ 447.4  477.55  4.76

Лондонда әзербайжандық банкирдің әйелі қамауға алынды

Әзербайжан банкінің экс-басшысы, қазір қамауда отырған Жахангир Гаджиевтің әйелі – Замира Гаджиева Лондонда қамауға алынды. Ол Әзербайжанға экстрадициялануы мүмкін. ВВС агенттігінің хабарлауынша, 55 жастағы Гаджиева өткен аптада қамауға алынған. Оған Әзербайжан үкіметінен түскен сұрау негіз болған. Замира Гаджиева Әзербайжанда «ұрлық жасады» деп айыпталып отыр деп жазады Азаттық.

Ақпаратқа қарағанда, Ұлыбританиядағы Вестминстер соты Гаджиеваның кепіл төлеп босатылуы мүмкін екені жайлы қаулы шығарған. Алайда прокурорлар соттың бұл қаулысына шағым түсірген. Енді Гаджиева шағым қаралатын күн – 8 қарашаға дейін қамауда қала береді.

Замира Гаджиеваның кейеуі Жахангир Гаджиев 2001-2015 жылдар аралығында «Әзербайжан халықаралық банкі» басқару кеңесінің төрағасы болған. 2016 жылы ол «алаяқтық жасап, мемлекет қаржысын талан-таражға салды, ел қазынасынан миллиардтаған доллар жымқырды" деп айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұған қоса Гаджиев 29 миллион доллар көлеміндегі қаржыны мемлекетке төлеуі тиіс. Жахангир Гаджиевтің өзі тағылған айыптарды мойындамайды.

Гаджиевтың әйелі Әзербайжаннан кетіп «инвестор визасы» арқылы Ұлыбританияда тұрақты тұруға мүмкіндік алған. Ол Лондонның ірі дүкендерінің бірінде миллиондаған долларға сауда жасап, Ұлыбританияда қабылданған жаңа заңның басты объектісіне айналған. Заң елге келген заңсыз ақшаны әшкерелеуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары