Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


07.11.2018, 16:59

Президент Назарбаев Монополияға қарсы комитеттің төрағасына сөгіс жариялады

primeminister.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады деп жазады Tengrinews.kz.

«Осымен айналысуы тиіс уәкілетті органдар әрекет етпей отыр. Ешкім бақылап отырған жоқ. Ең біріншіден Ұлттық экономика министрлігіндегілер нашар жұмыс істеп жатыр. Барлығын да түсіндіруге болады, бірақ нақты сұрақтарға ешқайсыңыз жауап бере алмайсыздар.

Монополияға қарсы комитет... «Қарсы» деген сөздің өзі үнемі бірбеткейлік дегенді білдіруі керек. (...) Премьер-министрге Монополияға қарсы комитеттегілердің қызметімен айналысуды тапсырамын», - деді Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

«Монополияға қарсы комитеттің төрағасы, сен осының барлығымен дұрыстап айналыса аласың ба? Әлде жұмыстан кетесің бе?», - деп сұрады Президент.

Майтиев жағдайды дұрыстауға уәде берді.

«Сүлейменов, (ұлттық экономика министрі - автор) оның қолынан келе ме? Оған жауап бере аласың ба?», - деп сұрады Назарбаев.

«Иә, дәл солай», - деп жауап берді министр.

Президент әзірше тек сөгіс жариялайтынын ескертті.

«Сен осымен өзің айналыс, қажетті адамдарды жазала, жұмыстан босату керек адамдар болса, босат. Осы мәселе бойынша маған баяндап тұр. Ал мен Бас прокуратураның қызметіне қолдау көрсететін боламын. Ол (бас прокурор Қайрат Қожамжаров) бастаған ісін соңына дейін аяқтайды. Жалпы осы мәселе бойынша Бозымбаев та, Ұлттық экономика министрлігіндегілер де, монополияға қарсы қызметтегілер де - барлығы барынша қатаң жазалануы тиіс. Бірақ Бозымбаев басқа салаға жауапты. Барлығына ескертемін. Келесі жолы шаралар қолданылады», - деді Президент.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.