$ 448.56  478.03  4.79

«Көлігінен есірткі шықты»: Түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні ұстады

Түркістанда ішімдік ішіп ап полицейлерден қашқан жүргізуші ұсталды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

5 қараша күні полицейлер жол ережесін бұзған Volkswagen автокөлігін тоқтатады. Бірақ жүргізуші бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан жылдамдықты көбейтіп, қаша жөнелген. Жол-патрульдік полициясының көлігі қуып жеткенде жүргізуші көлігін тастап, жаяу жүгірген. Десе де, күдікті соңында қолға түсті.

Полицейлер тінту кезінде көліктен қару мен марихуанаға ұқсас есірткі тауып алды.

Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары