$ 449.58  486.94  4.86

Екібастұздың бұрынғы әкімін өлтірген ер адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевты өлтіргені үшін сотталған ер адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығады деп жазады Tengrinews.kz.

Сот Серік Мұхантаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бүгін Павлодардың №2 соты сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады.

«Серік Мұхантаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылып, 2018 жылдың 26 қарашасында босатылсын. Сотталушыға жазасының қалған мерзімі 3 жыл 7 ай 18 күн бойы пробациялық бақылау енгізілсін», – деп оқыды үкімді судья Жұлдыз Тілегенова.

«Мұхантаев аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасының 2/3 бөлігін ғана өтеді. Осы уақыт бойы ешқандай ережебұзушылық анықталмады», – деп түсіндірді судья.

Сотқа сотталушының өзі қатысты. Алайда мемлекеттік айыптаушы мен зардап шеккен тарап мерзімінен бұрын босату туралы шешімге қарсылық білдірді.

Айтуларынша, ол ауыр қылмыс жасады. Мұхантаев биыл сәуір айында да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген болатын, бірақ ол кезде сот өтінішті қанағаттандырмады.

Еске сала кетейік, Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Жұматаевты 2008 жылдың мамыр айында «Асыл» базары маңында атып кеткен болатын. Оқиға орнынан жеті гильза табылған еді. Тергеу барысында полиция күдікті ретінде Серік Мұхантаевты, Әлихан Исинді, Ернар Бижұменовті және облысқа белгілі кәсіпкер Бауыржан Мұқантаевты ұстаған болатын. Оларға кісі өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылды.

2011 жылдың шілдесінде алқабилер соты Серік Мұқантаевқа қатаң режимдегі колонияда 13 жыл жаза өтеуге соттады. Оның адвокаты кісі өлтіру тапсырысын орындаған адамның бостандықта жүргенін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары