$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстау – Астана бағытындағы пойыз купесінде екі баланың үстіне полка құлады

Маңғыстау – Астана бағытындағы пойыздың купесінде екі баланың үстіне полка құлады деп жазады Inaktau.kz.

Оқиға 2 қараша күні болған. Пойыз жүріп бара жатқан кезде жоғарыдан полка кішкентай балалардың үстіне құлаған. Полкалардың ауыр болғаны сонша, анасы балаларын жабдық астынан шығарып алуға да әлі келмеген.

«3 ер адам көмекке келді. 2 баламның маңдайы жарылды. Бас жарақатын алды. Милары шайқалған екеуінің де», − дейді зардап шеккен сәбилердің анасы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ осы оқиғадан кейін төтенше жағдай жариялап, зардап шеккендерден кешірім сұраған.

«Балалар қазір емделіп жатыр. Олардың еміне қажетті ақшаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ келісімшарт бекіткен сақтандыру компаниясы төлейді», − дейді компаниянның ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары