08.11.2018, 16:07

Талдықорғанда екі ит 7 жасар баланы талап өлтірген

Талдықорғанда екі питбультерьер талап өлтірген жеті жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп жазады Sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға облыс орталығының саяжайында болған. 6 қарашада итке таланған бала ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады, бірнеше сағаттан соң жеткіншек жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полиция тез арада иттердің иесін тапты, ол 44 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адам қалада тұрады, саяжайдағы үйін күзетуге алты-жеті ит ұстайды екен, басым көпшілігі питбультерьерлер. Болжам бойынша, қожайыны жоқта екі питбуль тордан шығып кетіп, балаға шабуыл жасаған. 

Облыстық полиция баспасөз қызметі бұл деректі растап, баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Иттердің иесі анықталып, жауап алынды. Ол – саяжайда ит ұстайтын 44 жастағы Талдықорған тұрғыны», – деп мәлімет берді полиция.

Болған жайттан кейін ветеринар қызметі иттерді ұстап, ұйықтатып, сараптамаға сынама алды. Иттердің иесінің үш жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.