$ 448.15  483.46  4.86

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл Сауытбайға ренішін жеткізді

Көпшілікке «Ақжүніс» бағдарламасы арқылы таныс Сәуле Әбілдаханқызы «Шекарадан заңсыз өтті» деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға ренішін білдірді. Тележүргізушінің сөзінше, Сайрагүл ауруханаға түскен Сәуленің жағдайын сұрап бір келмепті.

Соңғы уақытта Әбілдаханқызынан «Сайрагүл туралы неге жазбайсың?» деп сұрайтындар көбейіпті.

«Неғып ол туралы жазбайсың, неғып Қытай туралы жазбайсың, Қытай ақшамен аузыңды жапты ма?» деп сұрайтындар көп.

Сайрагүл деп күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер өткізгенімде, түрме, сот залы мен Алматы арасын жол қылғанымда, мен ауруханаға түскенде олардың жағдайымды сұрап келмеді. «Пәтер табуға көмектес» деп ауруханадан шығатын күні келгені адамгершілік пе? Мәселе «ауруханаға көңілімді сұрап келмеді» деп ренжуде емес, «сыйға − сый, сыраға − бал» деген. Көңілім қалды.

Онысын қойшы, дәл мен екінші балапанымызды − әпкемнің баласынан айрылып қан жұтып отырғанда, Сайрагүл мен Уәли тақиялы сайтанмен бірігіп, біз оларды лақтырып кеткендей, халыққа мүсәпір боп көрініп видео жариялағанын қалай қабылдауым керек?», − деп ренішін білдірді ол.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбайдың үстінен Қорғас кеден бекетін заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалғанда оның жанында боп, көмек көрсеткендердің бірі Сәуле Әбілдаханқызы еді.

Жаркенттегі Панфилов соты этникалық қазақты 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары