$ 448.15  483.46  4.86

Теміртауда жоғалып кеткен 9 жастағы бала аман-есен табылды

Полицейлер Теміртауда жоғалып кеткен 9 жастағы Вячеслав Писаревты тапты.

«Бала аман-есен табылды. Денсаулығы жақсы. Бүгінге дейін қайда болғаны анықталып жатыр», − дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, Вячеслав Писарев 7 қараша күні шамамен түскі сағат 2-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Куәгерлер оны соңғы рет белгісіз біреудің көлігіне отырғанын көрген.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары