$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда төрт көлік бір-бірімен соқтығысып қалды

Алматыда жол апаты салдарынан төрт көлік зардап шекті деп жазады ҚазАқпарат.

Жаппай көлік апаты Жансүгіров көшесіне жетпей Сейфуллин даңғылында болды.

Зардап шеккендердің айтуынша, бағдаршамның қосымша белгісінің «жасыл» түсін күтіп Toyota RAV-4, Mitsubishi Galant және Nissan Maxima көліктері тұрған. Соңғы машинаға жүйіткіп келіп, қызыл Toyota соғылған. Дойбы принципімен қалған көліктер бір-біріне соғылған.

Қызыл Toyota-ның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ апатқа куә болғандар оны тоқтатып, полиция шақырған.

Олардың сөзінше, ер адам өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған. Жедел жәрдем бригадасы RAV-4 жүргізушісі - әйел адамды ауруханаға жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары