$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда жол апатынан көлік екіге бөлініп қалды

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті деп жазады Sputniknews.kz.

Жол апаты Абылай хан даңғылында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Nissan Skyline спорттық автокөлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан. Жамбыл көшесінен өткен кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, DAEWOO Nexia көлігіне барып соғылған. Осыдан кейін Nissan екіге бөлініп қалды: көліктің артқы бөлігі ағаштарға, ал алдыңғы бөлігі тұрақта тұрған Ford-қа ұшып кеткен. 

Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен жолаушысы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Nissan көлігінің 1993 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Оқиға орнына қаза тапқан жүргізушіні алып шығу үшін құтқарушылар шақырылды. Апат болған жерде жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары