$ 448.15  483.46  4.86

Қарағанды облысында әйелдің жалаңаш мәйіті табылды

Сәтбаев қаласындағы сауда орталығының бірінің жанынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды деп жазады Nur.kz.

Қала тұрғындары бірден полицияға хабар берген.

«Сәтбаевтағы сауда үйінің маңынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды. Марқұмның жасы – 39-да, осы қаланың тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында бұдан бұрын әйелдің алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланғаны үшін құқық қорғау органында тіркеуде болғаны белгілі болды», – дейді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ол сот-медициналық тексеруден кейін анық болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары