$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстандықтар Түркияда визасыз 90 күн жүре алады

Қазақстан азаматтары үшін Түркия аумағында визасыз жүру мерзімі 30 күннен 90 күнге ұзартылды деп жазады «Ұлт ақпарат».

«Түркия басшысының 2018 жылғы 10 қарашадағы жарлығына сəйкес, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бұдан былай Түркия Республикасында визасыз 90 күн бола алады. Бұрынғы 30 күндік визасыз жүру күндері үш есе ұзартылды», – дейді Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі. 

Айта кетсек, Түркия Республикасы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливияға виза жеңілдігін жасауда.

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливия азаматтарына арналған Түркияның жаңа виза режимі ресми газетте жарияланды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қаулысымен Ресми газетте орын алған 326 нөмірлі шешіммен 12 жасқа толмаған және 65 жастан үлкен жалпыға тән паспорт қолданған Ливия азаматтарына виза жеңілдігі жасалады. Түркияға туризм мақсатты әр 180 күндік мерзімдерде келушілер көптегенде 90 күндік тұру мерзімімен виза жеңілдігінен пайдалана алады.

Ресми газетте 327 нөмірлі жарияланымында президенттің қаулысымен Қазақстанның жалпыға тән ресми паспорт қолданған азаматтары мен Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының Түркияға саяхаттарында әр 180 күндік келулерінде 90 күндік тұру мерзімінен аспайтындай 30 күнге берілген тұру мерзімі 90 күнге ұзартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары