$ 447.4  477.55  4.76

Оралда пойыз 30 жастағы әйелді қағып кетті

Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алды.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», – деді А.Сақпосынова.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары