13.11.2018, 15:52

Төсек қатынасына аптасына қанша рет түскен дұрыс?

Жұбайлар арасындағы төсек қатынасы екі адамның физикалық қажетін қанағаттандырып қана қоймай, денсаулығы мен отбасының ынтымағына да өз әсерін тигізеді. Осы орайда Кинси институтының мамандары арнайы зерттеу жүргізіп, әртүрлі жас шамасына қарай қалыпты жағдайда адамдардың қанша рет жыныстық қатынасқа түскені дұрыс екенін айтып берді деп жазады ernur.kz.

АҚШ ғалымдары берген мәліметке сүйенсек, 20-25 жас аралығында тұрақты серігін тапқандар үшін жыныстық қатынасқа жиі түсетін кезең саналады. Олардың аптасына 5-6 ретке дейін «ыстық сезімдерге» бөленуі қалыпты жағдай екен.

25-40 жас аралығындағы жұптардың бұл қатынасқа барынша жиі түскені денсаулыққа өте пайдалы. Әдетте, 30 жаста адамдар өз жұбына аптасына екі рет, ал 40 жаста одан да сирек жақындай бастайды. Дегенмен бұл көрсеткішті 3-4 ретке дейін жеткізу күшіңіздің ұзақ сақталуына өз септігін тигізеді.

40-50 жас шамасында көбінесе, ер азаматтардың құмары басылып қалады екен. Жалпы ерлі-зайыптылар арасында жыныстық қатынас 1-2 реттен аспайтын болады. Мамандар осы көрсеткішті ұстап тұрудың өзі жақсы дейді. Себебі оны жиілетемін деп, түрлі дәрі-дәрмек қабылдай берудің өзі денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін.

Ал 60 жастан асқан соң жыныстық қатынас жиілігі айына үш реттен де азайып кетуі мүмкін. Егде жасқа жеткен жұптардың 70 пайызы бұл көрсеткішке де жете алмайды екен. Дегенмен, зерттеушілер соңғы онжылдықта 60 жастан асқан жұптардың итнтимдік өмірі бұрынғымен салыстырғанда белсенді бола түскенін айтуда.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.