13.11.2018, 17:55

Қарағанды облысында отбасылық жанжал соңы өліммен аяқталды

Қарағанды облысы Пришахтинск ауданының 45 жастағы тұрғыны өз күйеуін пышақтап тастады. Жұбайының ұрып-соғуынан шаршаған келіншек күйеуін суық қарумен екі рет ұрып, артынша жедел жәрдем шақырған деп жазады NUR.KZ.

Оқиға ұрыс барысында орын алған. Күйеуі тағы да қол көтерген келіншек ашу үстінде оған екі рет пышақ салған. Олардың бірі азаматтың беліне, ал екіншісі санына тиген екен. Жұбайына жарақат салған әйел артынша пәтерден жүгіріп шығып, көршісінен жедел жәрдем шақыруын сұрапты.

Ал жедел жәрдем қызметкерлері тез арада жәбірленушіні ауруханаға жеткізген. Ал оның әйелін полиция қызметкерлері алып кетіпті. Келіншек үйде ұрыс болып, күйеуі оған қол көтергенін, артынша ол жұбайына пышақ жарақатын салғанын айтқан екен.

Абырой болғанда жарақаттар ішкі органдарға әсер етпеген. Соған қарамастан күдіктіге жәбірленушінің денсаулығына қасақана түрде зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

Қылмыстық іс №3 Октябрь аудандық сотында қаралды. Ал күдікті өз кінәсін мойындап, үш жылға бас бостандығынан шектелді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.