14.11.2018, 09:32

Қарағандыда болған өрттен 6 жасар бала мен екі әйел қаза тапты

Қарағандыда болған өрт салдарынан 6 жастағы бала мен екі әйел қаза тапты деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

13 қарашада сағат 18.00-де Багрицкий көшесі бойындағы тұрғын үй ғимаратында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт бір қабатты екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Ол 70 шаршы метр алаңды шарпып, кейін 10 шаршы метр төбенің ішінара үгітілуіне себеп болған.

«Өрт болған жерден денесі жартылай күйген 1962 және 1990 жылғы әйелдер мен 2012 жылы туған баланың мәйіті табылды. Көрші пәтерден екі адам сыртқа шығарылды, оның бірі бала болды. Өрт 20.35-те оқшауланып, 20.49-да ауыздықталды. Оған төрт арнайы техника мен 24 өртсөндіруші жұмылды», – делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.