$ 449.58  486.94  4.86

Оралда 9 жасар бала жоғалып кетті

13 қарашада 9 жасар бала Ескендір жоғалып кетті. Үйден сағат 12:28 шамасында мектепке шығып кеткен. Алайда, мектепке сол бойы бармаған деп жазады «Мой город».

Ескендірдің анасының айтуынша, олардың үйлері аудандағы Депо аялдамасына жақын. Бала әр күн сайын №19 мектепке осы аялдамадан барады екен.

«Ол «Юбилейная» немесе «Урал» аялдамасынан түсіп, ары қарай мектепке жаяу кететін. Бүгін сағат 12:28-де маған қоңырау шалып, мектепке барғанын айтты. Осыдан кейін біз оны көрмедік. Басында телефонға мүлдем жауап бермеді, артынша сөндірулі қалды. Оның рюкзагы «Қазақстан» кинотеатрының алдынан табылды. Егер Ескендірді сол жерден көргендер болса, хабарласуларыңызды сұраймын. Ол бұлай сабақтан сұраусыз қашпайтын», – дейді баланың анасы.

Ескендірдің үстінде қара куртка мен мойнында шарф болған.

Егер баланы көргендер болса, мына телефон нөмірлеріне 8-711-226-4362, 8-705-277-8805, 8-775-135-5257 немесе 102-ге хабарласуларын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары