14.11.2018, 12:26

Қазақстандағы орташа жалақы – 164 552 теңге

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа жалақы 164 552 теңгеге жетті деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, 2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы 161 783 теңге болған еді. Салыстыратын болсақ, былтыр 2017 жылдың соңында қазақстандықтардың орташа жалақысы 163 725 теңге болған екен.

Комитеттегілердің мәліметінше, қазан айында елімізде жұмыс істейтін 8,7 миллон адам тіркелді. Олардың 6,6 миллионы – жалдамалы жұмысшылар.

Ал жұмыссыздардың саны қазан айының қорытындысы бойынша 442 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.