$ 449.58  486.94  4.86

Такси жүргізушісі әмиянын көлігіне тастап кеткен бойжеткенді үйінің алдында 8 сағат күткен

Мәскеуде такси жүргізушісі боп жұмыс істейтін қырғыз жігіті көлігіне әмиянын тастап кеткен әйелді үйінің алдында 8 сағат бойы күткен деп жазады NewTimes.kz.

Варя Борцова таксиді әуежайдың маңынан ұстаған.

«Такси жүргізушісімен жол бойы әңгімелесіп келдік. Қырғызстаннан екен. Үйге кіре сала ұйықтадым. Оянғанда әмиянымды таксиде ұмытқаным есіме түсті. Ішінде құжаттар, несие картасы мен ақша болған. Терезе алдында тұрған әкем аулада такси жүргізушісін көргенін айтты. Дәл сол адам екен. Сыртқа шығып оны құшақтап алдым. «Қайда болдыңыз? Осынша уақыт ұйықтауға бола ма екен?» деді.

Күн суық. Ол өткен-кеткеннен мені сұрастырыпты. Қатты риза болдым. Қолына ақша ұстаттым.

Ата-анасы өте жақсы тәрбие беріпті. Қырғызстанға барғым келеді қыдырып», - дейді бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары