$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда BMW X5 жүргізушісі ірі жол апатын жасап, өзі оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz. Оқиға Рысқұлов-Кудерин көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен Volkswagen Golf 3 көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытында жүріп бара жатқан. Сол сәтте жолдың дәл осы бағытымен аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW X5 автокөлігі оны артынан соғыпты. Салдарынан Volkswagen бордюрге, кейін бетон қабырғаға барып соқтығысқан. Оның 1978 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келем дегенше қайтыс болып кетті.

Ал, BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі болса оқиға орнын тастап қашып кеткен. Қазір полиция оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары