$ 448.56  478.03  4.79

Қарағандыдағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар тасжолда болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.

«Жол апатынан кейін 27 адам жеткізілді. 10 адам қаладағы түрлі клиникаларға жатқызылды. Үш адам №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы есін жиған, бірақ жағдайлары тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Біреуі сол күйі стационарда жатыр. Тағы төрт адам Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды, екеуі - облыстық медициналық орталықта. Түрлі жарақаттар алған. Екі адам динамикалық палатада жатыр - жүкті әйел мен 2006 жылғы бала. Екеуі таяуда ауруханадан шығуы мүмкін», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ол зардап шеккендерге қажетті медициналық көмектің көрсетіліп жатқанын айтып өтті. Еске сала кетейік, мұның алдында Қарағанды түбінде жүк көлігі автобуспен соқтығысып, бір адам қаза тауып. Тағы тоғыз адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Бұл оқиға, бүгін 21 қарашада таңғы сағат 8-де Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында Қызылорда-Павлодар тасжолының 982-шақырымында болған.

Ол зардап шеккендерге қажетті медициналық көмектің көрсетіліп жатқанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қарағанды түбінде жүк көлігі автобуспен соқтығысып, бір адам қаза тауып. тағы тоғыз адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Бұл оқиға, бүгін 21 қарашада таңғы сағат 8-де Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында Қызылорда-Павлодар тасжолының 982-шақырымында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары