$ 448.89  477.93  4.76

Астанада «Әділет алаңы» телехикаясының тұсауы кесілді

21 қараша күні Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында «Әділет алаңы» телехикаясының тұсауы кесілді.

Тележобаның мақсаты – қазақстандық сот жүйесін дамыту және жетілдірудегі артықшылықтарды қарапайым тілмен және өмірден алынған мысалдармен халыққа жеткізу. Сонымен қатар, жүйеге енгізілген цифрландыру процестері мен жаңа мүмкіндіктер туралы көрерменді құлағдар ету.

Отандық телеөнімдердің қатары жаңа туындымен толықты. «Алматы» телеарнасы қалың көрерменге «Әділет алаңы» («Площадь правосудия») телехикаясын ұсынып отыр. Жаңа жоба еліміздің сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен судьялар қызметінің қыр-сыры туралы баяндайды.

«Есейгеннен кейін әкесін іздеп, «Әкем қандай екен? Олардың ажырасу себебі неде? Неліктен үлкен семья бола алмады?» деген сұрақтардың жауабын білгісі келеді. Сондықтан бұл отбасындағы аса күрделі психологиялық қарым-қатынас. Қызметтің аты қызмет, дегенмен отбасын алдыңғы орынға қою туралы үлкен ой тастайтын жағдай сюжетке арқау болған», – деді актер Алдабек ШАЛБАЕВ.

Телехикая ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен және Жоғарғы соттың қолдауы бойынша түсірілген.

Жобаның мақсаты – қазақстандық сот жүйесін дамыту және жетілдірудегі артықшылықтарды қарапайым тілмен және өмірден алынған мысалдармен халыққа жеткізу. Сонымен қатар, жүйеге енгізілген цифрландыру процестері мен жаңа мүмкіндіктер туралы көрерменді құлағдар ету.

Телехикая 12 сериядан тұрады. Әрбір серия түрлі қылмыстық оқиғаларға негізделіп түсірілген. Оқиғалардың басым көпшілігі шынайы өмірден алынған. Қарақшылық пен кісі өлтіру, алаяқтық пен зорлық-зомбылық, жемқорлық пен бопсалау және өзге де ауыр қылмыс түрлерін фильмнің басты кейіпкері – судья Нұрболат Мұхамеджанов зерттеп-зерделейді және тиісті үкімін оқиды.

Жалпы, сюжет желісі білікті, тәжірибелі, өз ісіне адал судья мен оның студент ұлының төңірегінде өрбіген. Саналы ғұмырын сот саласына арнаған Нұрболат Мұхамеджановтың қызметтегі жетістіктері, әділеттігі мен жеке өміріндегі қиындықтары, ондаған жылдан кейін жалғыз ұлымен қайта қауышуы көрерменге ой салары сөзсіз.

«Сценарийін жазу барысында жоғары соттың судьялары, өзіміз де қатыстық. Бүкіл түсірілімдер Алматы қаласының сот залдарында өтті. Актерларды таңдауға да қатысты. Осы актердың бет әлпеті келеді, көрерменге жағымды болады, бетінде адамның эмоция ойы шығатындай тұлға деп жөн көрсетіп отырды», – деді ҚР Жоғары соты аппаратының жетекшісі Нұрсерік ШӘРІПОВ.

Телекартина судьялар жұмысының күрделі тұстарын, сот процесі кезінде қолданатын тәжірибелерді және ұрпақтар сабақтастығын ашып көрсеткен. Сонымен қатар, көрермендер ҚР Қылмыстық кодексіндегі заңдардың жүзеге асу барысын іс жүзінде көре алады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары