$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстауда микроавтобус түйені соғып, 19 жастағы жолаушы қайтыс болды

Маңғыстау облысында Toyota Hiace маркалы шағын автобус жолда кетіп бара жатқан түйемен соқтығысып, салдарынан 19 жастағы бозбала қайтыс болды. Салонға кіріп кеткен жануар жас жігітті мыжып қалған деп жазады КТК телеарнасы.

Қайғылы жағдай Ақтау-Жетібай тас жолында болған. Қатты жүйіткіген техника жол үстіндегі Ойсыл қара тұқымын оңдырмай қаққан. Қатты соққыдан шағын автобустың алдынан кірген түйе, орындықтарды жапыра артқы жағына кептеліп қалған. Сол кезде салондағы жас жігіт бастырылып өлген. Көлік жүргізушісі мен қаза болған жігіттің анасы да ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған ер адам үйіне қайтарылса, әйел емдеу мекемесінде жатыр. Қазір апатқа себеп болған түйенің иесі іздестірілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары