Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.12.2018, 12:14

500 теңгелік коллециялық «Бақыт» монетасы айналымға шығады

Ұлттық Банк 5 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік «С.Айтбаев «Бақыт» коллекциялық монетасын айналымға шығарады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«С. Айтбаев «Бақыт» монетасы – ұлттық мәдениетіміздің байлығын танытуға және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған. Ол «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясына жатады. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.

Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында «С. АЙТБАЕВ», оң жағында «БАҚЫТ» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) «Бақыт» картинасының миниатюрасы бейнеленген, оның авторы – Қазақстанның суретшісі және Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаев. Монета шаршы пішіндес – 37х37 мм.  925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1  грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы - 1 500 дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Коллекциялық монеталарды Ұлттық банктің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.