$ 449.58  486.94  4.86

Павлодар облысында жеңгетайлық жасаған ер адам ұсталды

Павлодар облысы аумағында ұйымдастырылған «Stop-трафик» шарасы барысында жеңгетайлық жасағаны үшін 43 жастағы азамат ұсталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Полицейлер қонақ үйлерге, мейрамханаларға, барлар мен көңіл көтеретін орындарға, сауна және басқа да демалыс орындарын тексеру үшін рейдтер ұйымдастырған.

Нәтижесінде олар қонақ үй кешендерінің бірінен пайда көру мақсатында жеңгетайлық жасағаны үшін 1975 жылы туған күзетшіні анықтаған.

Ол өзінің әрекеті үшін 1987 жылы туған азаматтан ақшалай сыйақы алыпты. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары