$ 443.85  474.3  4.8

Өскеменде әйел 2 жыл бойы ұлын іздеп келеді

Өскемен тұрғыны Тоқтар Мұхтаров 2016 жылы 10 маусымда жоғалып кеткен. Содан бері оны полицейлер, еріктілер тобы және бей-жай қарамаған адамдар іздеп келеді деп жазады Устинка LIVE.

Тоқтар Мұқтаровты тапқан адамға сыйақы да тағайындалды. Сол кездерде оны біреулер Талдықорғанда көргендерін айтқан.
«Ол Тоқтарға ұқсайтын жігіт болып шықты. Содан кейін ол туралы ешқандай хабар жоқ», – дейді еріктілер тобы.

Алайда, Тоқтардың туысқандары оны аман-есен табудан үміттерін үзбейді. Бір күні жігіттің үйіне оралатынына сенеді. Осы жылдың 29 мамырында Тоқтардың жасы 26-ға толған.

Тоқтар арық келген жігіт, бойы – 155 см. Ол Даун синдромымен ауырады.

Жігіттің туысқандары егер оны көрген-білгендер болса мына телефон нөмірлеріне: 8-705-318-01-82, 8-702-131-36-40 және 102-ге хабарласуларын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары