$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбе облысында желіде еркекпен танысып, жоғалып кеткен әйел 2 айдан кейін табылды

Қыркүйек айының соңында белгісіз бағытқа кеткен Ольга Русанова табылды деп хабарлайды Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

Іздеу шаралары екі ай бойы жүргізілді. Көрші облыстарға адам жоғалу туралы ақпарат та таратылған.  

Іздестіру барысында 45 жастағы әйел Қобда ауданынан табылды. Аман-есен, денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Ол сол аймақтағы фермерлік шаруашылыққа аспазшы болып жұмысқа орналасқан екен.

Еске салсақ, Ольга Русанова 27 қыркүйек күні Жилянка ауылындағы үйінен шығып кеткен. Содан кейін келмеген. Ұлы анасының әлеуметтік желіде танысқан белгісіз ер адамның үйіне қонаққа кеткенін айтқан болатын.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары