$ 448.15  483.46  4.86

Зағипа Балиева 16 жастағы қыздарға ата-анасының келісімінсіз аборт жасауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді

Парламент мәжілісінің депутаты, бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Зағипа Балиева қыздарға 16 жастан бастап ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасатуға рұқсат беруге пікір білдірді. Астанада өткен адам құқығы жөніндегі конференцияда журналистер сауалдарына жауап берген Балиева бала кез-келген жаста дәрігерге қарала алуы керегін айтты деп жазады Аzattyq.org.

«Егер бала өзін нашар сезініп тұрса, ата-анасы келсін деп отырмаймыз ғой. Яғни, егер оның бір жері ауырса, өзін нашар сезінсе, ол дәрігерге барады, ал дәрігер оны қабылдауы тиіс. Инвазивтік араласу мәселесіне келсек, онда операция болсын, аборт болсын, оның барлығы ата-ананың келісімінсіз жасауға болмайды. Алайда, егер ол (қыз бала - ред.) анасынан қорқады, оған баладан арылу жеңіл болмақ деп аборт жасатуға рұқсат беруге келсек, бұл да зерттеу керек мәселе. Сәбиін тастап кеткен жағдайлар болғаны рас, бірақ мен біржақты қорытынды жасамаған болар едім. Болашақ ана болатын қыздың да денсаулығын ойлау керек. Қазір бір жақты жауап айта алмаймын. Бұған қатысты қоғамдық тыңдау өткізу керек және балалардың пікірін міндетті түрде білу қажет», – деді Балиева.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қыздарға 16 жастан бастап ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасатуға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр. Министрлік сонымен бірге оқушыларға тегін презерватив таратуды ұсынды. Олар осылайша елдегі ерте жүктілік мәселесін шешкісі келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары