06.12.2018, 16:37

Елжан Біртанов дәрігерлердің оқу мерзімін 7 жылдан 6 жылға қысқартуды ұсынды

zakon.kz

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерді дайындау жүйесіндегі реформа туралы айтып берді. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 88 жылдығына арналған мерейтойда Елжан Біртанов медициналық білім беру саласында министрліктің рөлі азаятынын айтты деп жазады ҚазАқпарат.

«Жұмыс істеп жатқан дәрігерге халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қандай білім керегін ғалымдар мен оқытушылар шешеді. Бірақ бұл университеттер не істегісі келсе, соны жасайды деген сөз емес. Жоғары оқу орындары білім берудің жаңа моделдерін анықтап, идея алмасатын қосымша жаңа институттар құрылуы қажет. Университеттерге әлемдік оқу-әдістемелік кеңестерінің базасы негізінде өзін-өзі басқаратын ұйымы құруды ұсынамыз», - деді Елжан Біртанов. 

Бүгінде Қазақстанда 15 медициналық ЖОО бар. Олардың ішіне медициналық университеттер де, медицина факультеті бар жоғары оқу орындары да кіреді. 

«Біз 5+1 бағдарламасы бойынша оқу ұзақтығын 7 жылдан 6 жылға дейін қысқартуды ұсынамыз. Солайша медициналық білімнің тәжірибелік жағын арттырсақ, интерндер мен резиденттер көп уақытын еліміздің клиникалық базаларындағы ғана емес, университет қабырғасындағы клиникаларда да өткізер еді. Тәжірибе көрсеткендей, теория практикадан басым болғанда, жас дәрігерлер еңбек нарығына бейімделу кезінде қиналады», - деді министр. 

Екінші басты бағыт - клиникалық базаларды дамыту. Министрліктің мәліметінше, елдегі барлық медициналық университеттерің өз клиникалары бар. 

«Биыл Алматыдағы 5 Ғылыми-зерттеу орталығын, клиникалық орталықтарды университет құрылымына бердік. Мұнда ғылыми қызметкерлерді білім беру бағдарламаларына тартуға болады. Бұл өз кезегінде резиденттердің біліктілігі жоғары маманнан білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттерді басқару жүйесі де өзгермек. Корпоративтік басқару принципі енгізілді. Асфендияров университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл оқу орнына еркін академиялық мүмкіндіктер береді және университет кірістері мен активтерін өзі реттей алады», - деді Е.Біртанов.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.