Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

06.12.2018, 17:13

Грекияда өткен кинофестивальде отандық режиссердің фильмі жүлде алды

Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Дүниеге деген бейжайлылық» атты туындысы Афина қаласында өткен «31-ші Халықаралық Еуропалық киноларының панорамасы» кинофестивалінде жүлде алды деп хабарлайды Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Грекия астанасында 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткен іс-шарада елуден астам көркем және қысқаметражды фильмдер көрсетілді. А.Ержановтың драмасы аталған конкурстың финалына өтіп, қазылар алқасы 11 кинотуындының (2 грекиялық және 9 шетелдік) ішінен үздігін таңдады.      

Мәдени додаға өз киноленталарын жолдаған елдер қатарында Грекия, Франция, Қазақстан, Польша, Нидерланды, Ресей, Германия мен Хорватия болды. «Дүниеге деген бейжайлылық» фильмі екі жас кейіпкер Қуандық пен Салтанаттың ауылдан үлкен шаһарға келіп, қоғамның заманауи сын-тегеуріндеріне қарсы төтеп беру қадамдарын баяндайды.

Жүлдегерлердің есімдері 5 желтоқсанда анықталды. «Үздік фильм» номинациясын Әділхан Ержановтың туындысы мен ресейлік режиссер Елизавета Стишованың «Сүлеймен тауы» фильмі иемденді. Фестивальдің жабылу салтанаты «Канн кинофестивалінің» жеңімпазы – басты рөлге қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен  Сергей Дворцевойдың «Айка» туындысының көрсетілімімен аяқталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.