07.12.2018, 15:18

Алматыдағы 180 көшенің атауы өзгеретін болды

Baribar.kz

Бауыржан Байбек Алматы көшелерінің атауы өзгеретінін мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, қаладағы 180 көшеге жаңа атау беріледі екен.  Қала басшысының айтуынша, Алматыдағы 3000 көшенің 250-і бірдей аталады екен. Екі жүз көшеде атауы мүлде жоқ.  

«Бізде 13 Абай көшесі, 12 Жамбыл көшесі бар. Алғабас ауданы бес рет қайталанады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сіздер жедел жәрдем не полиция шақыратын болсаңыздар - олар таба алмай әлек болады. Бұл ыңғайсыз. Бізге көптеген арыз түсіп жатыр. Өзгертілуі керек 180 көше қалды», - дейді Байбек.

Сонымен қатар, Алматы көшелеріне белгілі тұлғалардың есімі берілетіні айтылды.

«Көшелерге ұлттық масштабтағы белгілі тұлғалардың, сондай-ақ Алматыда жұмыс істеген адамдардың атын береміз. Ономастикалық комиссия қалалықтардың, қоғамдық ұйымдардың, Жазушылар одағының және Журналистер одағының ұсыныстарын қабылдап жатыр. Комиссия жіктеп, министрлікке жібереді. Бұл күрделі шара. Мәселе шешілді, бұрындары пәтерді сату керек болса, құжаттарды өзгерту керек болатын. Бүгінде барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Біз ондай шиеленістерді шешетін боламыз», - деді Алматы әкімі.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.